Ертең Ұлттық кітапханада «Біз де бала болғанбыз» атты поэзия кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Ұлттық кітапханада «Біз де бала болғанбыз» атты поэзия кеші өтеді

23.10.2015
Ертең Ұлттық кітапханада «Біз де бала болғанбыз» атты поэзия кеші өтеді

Ертең Алматыдағы Ұлттық кітапхананың  Көрмелер залында «Ақ желкен» мен «Ұланның» мерейтойына арналған  «Біз де бала болғанбыз» атты поэзия кеші өтеді.

Шараға зиялы қауым өкілдері, мектеп басшылары, республиканың түкпір-түкпірінен төл басылымдарына жазылып, жанашыр болып жүрген мектеп оқушылары мен студенттер қатысады.

Поэзия кеші сағат 11:00-де басталады.                                                         

Айта кетейік, биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ақ желкен» журналының жарыққа шыққанына 90 жыл, «Ұлан» газетіне 85 жыл толды. 

Хабарламаларға жазылу