Астананың білім беру мекемелерінде ауа райына байланысты сабақты тоқтату тәртібі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың білім беру мекемелерінде ауа райына байланысты сабақты тоқтату тәртібі

22.10.2015
Астананың білім беру мекемелерінде ауа райына байланысты сабақты тоқтату тәртібі

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату тәртібін ұсынады.

Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім мекемелерінде сабақ мынадай жағдайда  тоқтатылады:

1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес);

1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы -35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

  Сабақты тоқтату туралы ақпарат:

Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 06:45-тен 07:00-ге дейін (бірінші ауысым) және 12:15-тен 12:30-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады:

- «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған жағдайда «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында, «Алма ТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;

«Қазақстан» ҰТА, «Хабар», «Еуразия», «Астана», «КТК», «НТК» телеарналарынан дыбысты хабарлама  беріледі;

«Астана» радиосы«Шалқар», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио» радио толқындарынан дыбысты хабарлама беріледі;

- 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қонырау шалуға болады;

- Астана қаласы әкімдігінің www. astana.gov.kz сайтында ақпарат беріледі;

- Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат жарияланады;

- Ата-аналар балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран және т.б.).

 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу