Бұл серіктестік Қазақстанда кондитерлік өнім өндіруден үлкен тәжірибесі бар «Рахат» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады.
Жаңа өндіріс қуаттарының іске қосылуы ДСҰ аясында елімізде жаңа бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ
бұл шара ел тұрғындарының кондитерлік өнімдерге деген сұраныстарын қанағаттандырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, ел бюджетіне салық түсімінің артуына ұйтқы болады.
Алдын ала жоспар бойынша, кәсіпорынның өндіріс көлемі жылына 23 тонна кондитерлік өнімді құрайтын болады. Аталмыш жобаға салынған инвестиция көлемі 3 млрд. 200 млн теңге.
Кәсіпорынның ашылу салтанатына Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ мен Оңтүстік Коряның Қазақстандағы елшісі өкілі Чо Йонг Чун қатысады деп күтілуде.
Кәсіпорынның ашылуы 22 қазан сағат 12-00-ге жоспарланған, деп хабарлайды «Рахат» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.