Мәскеуде қазақстандық танымал әнші Ержан Нұрғалиевтің концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақстандық танымал әнші Ержан Нұрғалиевтің концерті өтеді

21.10.2015
Мәскеуде қазақстандық танымал әнші Ержан Нұрғалиевтің концерті өтеді

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Нұрғалиев - тенор дауысты әнші. Ол танымал классикалық әндердің  орындаушысы және итальян әндері фестивалінің лауреаты. Сондай-ақ КИНЭС-2014 рекордтар кітабының «Теңдессіз драматикалық тенор» аталымының жеңімпазы.

Бүгінде әйгілі тенордың шығармашылығымен тек еліміз бен көршілес мемлекеттер ғана емес, Еуропаның Испания, Италия сияқты өзге де бірқатар мемлекеттерінің өнерсүйер қауымы жақсы таныс.     

Танымал әншінің шығармашылық кеші қазанның 30-ы күні сағат 19-00-де Мәскеу қаласының Новая Басанная көшесіндегі 4-ші үйдегі Мәскеу қаласының ұлттар үйінде өтеді.   

 

Хабарламаларға жазылу