«Қазақстан дауысында» бақ сынаған әнші рекордтар кітабына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысында» бақ сынаған әнші рекордтар кітабына енді

07.02.2014
«Қазақстан дауысында» бақ сынаған әнші рекордтар кітабына енді
«Қазақстан» Ұлттық арнасынан бес ай бойы көрсетіліп, көрермен көзайымына айналған «Қазақстан дауысы»  тележобасында бақ сынаған әнші Ержан Нұрғалиевтің есімі қазақстандық КИНЭС рекордтар кітабына енді. Сонымен қатар, сарапшылардың арнайы Мақтау қағазымен марапатталды.
 
«Қазақстан дауысында» ол «Confessa» (А.Сhelentano) әнін орындаған-тын.
 
Шындығында, Ержан Нұрғалиев - ерекше дауыс иесі.  «Ерекшелігі - дауыс темборым  драматикалық тенорға жатады. Мұндай дауыспен вокальдық күрделі партияларға дейін орындауға болады», дейді ол.
 
Әнші қазақстандық рекордтар кітабына енуін әлемдік деңгейде танылуына септігін тигізеді деп санайды.

Хабарламаларға жазылу