Сәулетшілер Айша бибі кесенесінің макетін жасады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәулетшілер Айша бибі кесенесінің макетін жасады (ВИДЕО)

21.10.2015
Сәулетшілер Айша бибі кесенесінің макетін жасады (ВИДЕО)

Сәулет – асқан шеберлікпен қатар, шыдамдылықты да талап ететін күрделі өнер.

Айдар Жетпісов пен Нұржан Ілиясов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Айша бибі кесенесінің макетін жасаған.

Қос сәулетші XI-XII ғасырлардағы көрнекті тарихи ескерткіш Айша бибі кесенесінің макетін жасаған. Олар кесененің жобасын жасамас бұрын сәулетшілер Жамбыл облысы, Айша бибі ауылында орналасқан зиратты әбден зерттеген.

Макетте тарихи орынның өзіне тән ерекшеліктері түгел сақталған. Түпнұсқа ғимараттың сыртындағы 100-ге жуық ою-өрнекті қаз-қалпында қайталау – қиынға соққан.

Айша бибі кесенесінің макеті туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу