Ақтөбеде «Өңірлік БАҚ-тардың жұмысын жаңғырту» тақырыбымен медиафорум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Өңірлік БАҚ-тардың жұмысын жаңғырту» тақырыбымен медиафорум өтеді

25.09.2014
Ақтөбеде «Өңірлік БАҚ-тардың жұмысын жаңғырту» тақырыбымен медиафорум өтеді

Ақтөбеде  «Өңірлік БАҚ-тардың жұмысын жаңғырту» тақырыбы бойынша медиафорум өткізіледі.

Бүгінгі күні шараға қатысуға 200-ден астам БАҚ редакцияларынан ұсыныстар келіп түскен.

Форум барысында БАҚ қызметкерлері Астана, Алматы және Мәскеуден арнайы шақырылған тренерлердің шеберлік сыныптарына қатысып, кәсіби шеберліктерін жетілдіреді.

Шараға Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаев, «Эра» телекомпаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы, Бас редакторлар клубының президенті Б.Жексенбай, режиссер, сценарист Е.Головня (Мәскеу), режиссер Г.Үкетайқызы, «Түркістан» газетінің бас редакторы Ш.Паттеев қатысады.

Форум қонақтары «Қазақстан-Ақтөбе» және «Рика-ТВ» телекомпанияларында болып, қаладағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарының жұмысымен танысады. 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу