Футболшы Исламбек Қуат «Таңшолпанға» сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболшы Исламбек Қуат «Таңшолпанға» сұхбат берді

20.10.2015
Футболшы Исламбек Қуат «Таңшолпанға» сұхбат берді

Футболдан 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Чемпионаттың іріктеу додасында Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы кездесуді жеңіспен аяқтады.

Финал кезеңіне өтпесе де, қазақстандық құрама өзінің осал еместігін көрсетті. Футболшы Исламбек Қуат соққан гол ел футболы тарихындағы маңызы жоғары оқиға болды.

Құраманың 22 жастағы ойыншысы Исламбек Қуат «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

«Біз Нидерланды құрамасымен ойнап, өз алаңымызда 2:1 есебімен жеңілген едік. Бізде топта 2 ұпай болды.  Топта 5-ші орын алу үшін тек қана жеңіс керегін түсіндік. Команда мүшелері 5-ші орынды алуды ғана көздеді. Басқа мүмкіндік болмады.  Бапкеріміз де соңғы орында тұрғанша, көрсеткішті сәл де болса жақсартуды ескертті. Сол себепті  болар, Латвияны 1:0 есебімен жеңу мүмкін болды», - дейді Қайрат футбол клубының ойыншысы  Исламбек Қуат.

Сондай-ақ, ол сұхбат барысында отбасы туралы әңгімеледі.

«Ата-анам – қарапайым адамдар. Інім бар. Олар Астанада тұрады. Демалыс алғанда бірден үйге барамын. Сүйіктім бар. Қыркүйек айында некелесуді ойлағанбыз. Бірақ мен ел құрамасына алынғандықтан, үйленуді кейінге қалдырдық», - дейді футболшы.

Исламбек Қуаттың сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. 

Хабарламаларға жазылу