IBM мамандары Бейжің қаласының ластануын алдын алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IBM мамандары Бейжің қаласының ластануын алдын алмақ

19.10.2015
IBM мамандары Бейжің қаласының ластануын алдын алмақ

Қытай астанасы Бейжіңде  Екінші дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығын атап өту барысында көлік қозғалысы мен завод жұмыстары уақытша тоқтатылып қала ауасы мөлдір түстес болған.

IBM мамандары қаланың ластануын алдын алу үшін Green Horizon жүйесін ұсынуда, аталмыш жүйе ауаның қатты ластануын болжап, үлкен апаттарды болдырмауды алдын алады.

Green Horizon жүйесі Бейжің қаласының Қоршаған орта күзет бюросы арқылы қаладағы көліктердің санын, индустриялық нысандардың белсенділігін, ауа райын бақылап отырады. Осы мәліметтерді алу арқылы Green Horizon жүйесі  ластану қаупін алдын алу үшін уақытша қаладағы көлік қозғалысын шектеу, завод жұмыстарын тоқтату сынды ұсыныстар жасай алады.

Green Horizon жүйесі ауа райын 72 сағат бұрын болжайды. Ал, мамандар ауа райы  болжамдарымен 10 күн жұмыс жасап, алдын ала дайын болады.

Хабарламаларға жазылу