Петропавлда қалалық әкімдік 200 мың теңгенің кілемін 8 млн теңгеге сатып алмақ болған- Антикор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда қалалық әкімдік 200 мың теңгенің кілемін 8 млн теңгеге сатып алмақ болған- Антикор

12.10.2023

Петропавл қалалық әкімдігі 200 мың теңгенің кілемін 8 млн теңгеге алмақ болған. Атқарушы орган мемлекеттік сатып алулар сайтында 22 шаршы метр кілем сатып алуға байқау жариялаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды. Ал әкімдік өкілдері кілемнің нарықтағы бағасын білмейтінін айтып ақталған.

Айдос Жүнісов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Шаршы метріне 35 мың теңгеден ақша жоспарланған болатын. Нарықтағы баға 35 теңгеден төмен екенін көрсете отырып, Петропавл қаласының әкімдігінің аппаратына ұсыныс жасадық. Ол баға тым жоғары екенін айттық. Жұмыстың арқасында 7,8 млн теңге қаражат үнемделді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу