Twitter «Moments» атты жаңа функция қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Twitter «Moments» атты жаңа функция қосты

18.10.2015
Twitter  «Moments» атты жаңа функция қосты

Жуырда Twitter «Moments» атты жаңа функциясымен таныстырды. Бұл соңғы жаңалықтарды, телеарна бағдарламалары мен спорт жаңалықтарын бақылауға көмектеседі. Мұндай хабарларды әзірге  арнайы қызметкерлер реттеп отырады.

«Moments» функциясын қолдану – өте оңай. Желіні пайдаланушылар Twitter-дегі найзағай көрінісіндегі түймені басуы керек.

Бұған дейін қолданушылар қандай да бір жаңалықты бақылау үшін хэштегті  пайдаланатын. Немесе тиісті аккаунтты бақылайтын.  Енді белгілі бір «моментке» жазылған қолданушы ондағы жаңалықтарды өзінің таспасынан оқи алады.

«Моменттерді» бөлісуге және хабарларды материалдарға қолдану үшін платформалардың ішіне орналастыруға болады.

«The Washington Post» атқарушы директоры Кори Айк «Moments» журналистерге ақпарат жинауға көмектесетінін айтады. Оның айтуынша, бұл функция жедел ақпарат тарататын БАҚ өкілдерінің жұмысын жеңілдетеді.

Бүгінгі таңда «Moments» функциясын тек АҚШ-тағы қолданушылар ғана  пайдалана алады. Ал, әлемдегі басқа да қолданушылар белгілі бір оқиғаның  сілтемесі болған жағдайда ғана жаңалықтарға қол жеткізеді.

«Moments» материалдарын Twitter қызметкерлері өңдеп отырады. Сондай-ақ, «The Washington Post», «BuzzFeed», «Mashable» және «The New York Times» сынды сервис серіктестеріне жаңа құралғыға кіруге рұқсат берілген.

Алайда жеке қолданушылар «момент» жасай алмайды.  

Хабарламаларға жазылу