Адам өмірінде болатын кездейсоқ өлімдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам өмірінде болатын кездейсоқ өлімдер

18.10.2015
Адам өмірінде болатын кездейсоқ өлімдер

1567 жылы австриялық Ханс Штайнингер өзінің сақалына сүрініп, қайтыс болған.

1958 жылы британиялық актер Гарет Джонс жүрек ұстамасынан қайтыс болатын кейіпкерді сомдамақ болып, шын мәнінде түсірілім барысында жүрегі ұстап, өмірден өткен. Ал, жанындағылар актер өз рөлін шебер сомдап жатыр деген оймен оның ауруына мән бермеген.

«Segway» компаниясының қожайыны Джеймс Хесельден «Segway» электронды самокатымен қыдырып жүріп, жардан құлап, қайтыс болған.

1923 жылы Франк Хейс ат жарысында бірінші келіп, мәре сызығынан өте берген сәтте дүниеден өткен. Оған өлгеннен кейін чемпион атағы берілді.

Америкалық адвокат Клемент Валландигэм жазатайым өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжамын дәлелдеу үшін, сот барысында өз-өзіне оқ атып, қайтыс болған. Сөйтіп, бұл істе жеңіске жеткен.

Швед ғалымы Карл Шееле өзі жасап шығарған химиялық зеттектің дәмін татпақ болып, у жұтып, қайтыс болған.

1880 жылы Сунанда Кумарираттана ханшайым малайларының ортасында суға батып кеткен. Хан әулиетінің мүшелеріне қол тигізуге болмайтындықтан, малайлары оны құтқара алмаған.

Хабарламаларға жазылу