Ақмейір Әли «Little Miss World 2015» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмейір Әли «Little Miss World 2015» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды

16.10.2015
 Ақмейір Әли «Little Miss World 2015» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Бұл туралы бүгін Lada.kz хабарлады.

Айта кетейік, аталмыш байқау ұйымдастырылып келе жатқан 15 жылда Қазақстан өкілдері алғаш рет Гран-приді жеңіп алды. 

«Little Miss World -2015» байқауына биыл Англия, Италия, Венгрия, Украина, Ресей, Грузия, Армения, Непал, Малайзия, Тайланд, Бразилия, АҚШ, Татарстан, Моңғолия, Қытай және Африка мемлекеттерінен барлығы 18 елден 48 үміткер қатысты.

Қазақстан атынан онда «Колибри» сан театрының тәрбиеленушілері 10-жасар Ақмейір Әли мен Илона Нагинская қатысты. 

Үміткерлердің өнерлерін байқауда 20 адамнан құралған әділқазылар алқасының мүшелері бағалады. Олардың бағалаулары бойынша, Ақмейір Әли бұл байқауда 989 ұпай жинап, «Әлемнің кішкентай ханшайымы-2015» және «Үздік киім үлгісі» титулдары мен байқаудың Гран-приі «Кішкентай әлем аруы-2015» атағын жеңіп алды.

Ал Илона Нагинская «Кішкентай ару - 2015» титулын жеңіп алды.  
   
 

 

Хабарламаларға жазылу