Қазақстан Қытайға ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауға әзір болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қытайға ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауға әзір болуы керек

19.02.2016
Қазақстан  Қытайға ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауға әзір болуы керек
Қазақстан  Қытайға ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауға әзір болуы керек

Қытай Қазақстанның ауышларуашылығы өнімдерін импорттауға әзір. Сондықтан, біз бұл мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осындай пікір айтты.

Ауыл шаруашылығы министрілігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев Қытайдың бізден ауылшаруашылығы өнімдерін импорттауға әзір екендігін атап өтті. Ол Қытайдың бізден астық, ет, бал, өсімдік майы, сүт өнімдері сынды көптеген ауылшаруашылығы тауарларын сатып алуға даяр отырғанын айтты. Сонымен қатар, олар Қазақстанға инвестиция салып, бірлескен кәсіпорындар құруға да әзір. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, қазынаға салық түседі. «Бізге бұдан басқа не керек? Мұндай бастамаларды қолдау керек әрі қажетті жағдайларды жасаған жөн»,-деді Бақытжан Сағынтаев.

Дегенмен, Бірінші вице-премьер шығарылатын өнімдерді стандарттау бойынша біздің бірқатар мемлекеттік органдардың арасында үйлесімділік жоқ екендігін де атап өтті. «Біз олардың стандарттары бойынша жұмыс істеуге әзір екенімізді айттық. Олар бізге өз стандарттарын ұсынды. Біздің техникалық реттеу бойынша Комитет бұл бөлек стандарт екенін алға тартып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселемен айналысуы керек. Әрбір мекеме өздерінің тікелей міндеттерін орындаудан бас тартып жатыр. Соның салдарынан біз бір орнымыздан жылжи алмай отырмыз»,-деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, бірінші вице-премьер геосаяси факторларға байланысты үшінші елдердің Ресей нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесінде қиындықтар болып жатқанын да айтты. «Мұндай мәселелерідң қатарына Еуропалық одақ пен Түркия импорты шектелген. Экспорт жағдайы да солай. Сондықтан, осы сәтті біз өз пайдамызға жаратуымыз керек»,-деп атап өтті Бірінші вице-премьер.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Қазақстанның қос көршісі де ауыл шаруашылығы өнімдеріне мұқтаж екенін айтты. Сол себепті, ауыл шаруашылығы өнімдерін аталған екі мемлекетке сатып, олар импорттап келген тауарларды алмастыруға мүмкіндігіміз бар.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу