Асқар Алтай: «Сират» - қазақ халқының тағдыры туралы роман - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Алтай: «Сират» - қазақ халқының тағдыры туралы роман

16.10.2015
Асқар Алтай: «Сират» - қазақ халқының тағдыры туралы роман

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты және Халықаралық Франц Кафка медалінің иегері Асқар Алтай қонақта болып, жуырда жарық көрген «Сират» романы туралы әңгімеледі.

«Бұл - ұзақ жазылған туынды болды. Негізі, шығармаларды өте тез жазатынмын. Бірақ туынды тарихи роман  болғандықтан, материалдар ұзақ жиналды», - дейді Асқар Алтай.  

Жазушы «Сират» романын  Қазақ хандығының 550 жылдығына және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнапты.

«Бұл - Оралдан Тибетке дейін, Алтайдан Еділге дейін созылып жатқан күллі қазақ халқының, қазақ ұлысының тағдыры туралы туынды. Сондықтан көптеген материалдарды бұрынғы Кеңес үкіметі кезіндегі архивтерді ақтарып, шетелдік дерек көздерін жинай отырып, осы романды жаздым», - дейді ол.

Асқар Алтайдың сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу