Қазақстан мен қытайлық кинематографистер бірігіп кино түсірмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен қытайлық кинематографистер бірігіп кино түсірмек

28.09.2018

Қазақстан мен қытайлық кинематографистер бірігіп кино түсірмек. Бұл туралы Алматыда бас қосқан екі елдің танымал режиссерлері мен продюсерлері айтты. «Бұл қадам, ең алдымен, отандық киноиндустрияны дамытуға мол мүмкіндік», - дейді мамандар. Өйткені, қазір әлемде зор сұранысқа ие қытайлық фильмдерді түсіру технологиясы көш ілгері. Сондықтан, Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақфильм» киностудиясының тікелей қолдауымен осы шара қолға алынды. Қазір біздің белгілі продюсер Бақытжан Қилыбаев пен Тимур Бекмамбетов бірнеше жоба дайындап қойған. Мәселен, Бақытжан Қилыбаев «Киноны бірге түсіреміз» атты арнайы портал мен туризм тақырыбындағы анимациялық фильмінің жобасын таныстырды. Ал, жиын соңында тараптар ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге қол қойды.

Бақытжан Қилыбаев, продюсер, сценарист:

- Осы бастама арқылы қытайлық әріптестермен ара-қатынасты кеңейту арқылы ортақ жобаларды жасауға мүмкіндік мол. Адам жалғыз ештеңе істей алмайды. Сондықтан, әрдайым көпшіліктің көмегіне жүгінеміз. Біздің өнімдерді кең көлемде тарататын үлкен нарық жоқ. Сол себепті, Қытай елімен бірлесіп кино шығару осы саланы жетілдіруге септігін тигізеді.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу