Екібастұз қаласында жыл соңына дейін раушан гүлдер өсірілетін жылыжай кешені ашылмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк «Ертіс» баспасөз клубында өткен брифингте хабарлады.
«Жаңа нысанда раушан гүлдер голландиялық әдіспен өсіріледі. Биылғы жылдың қарашасында бес гектарға алғашқы көшет егіледі. Бұл – энергиялық тұрғыдан өте үнемді жоба. Мәселен, гүл егілетін алқап небары 5 мВт энергия қажет етіледі. Инвестициялық жоба голландық инвесторлаға тиесілі», - дейді А. Вербняк.
Голландиялық технология негізінде салынып жатқан жылыжай кешені шыныдан тұрғызылуда. Жаңашыл жобаның ерекшелігі сол, гүл өсіруде топырақ пайдаланылмайды. Рушандар тамшылатып суару арқылы өсіріледі, топырақтан бөлек материалға салынады. Сәтін салса, алғашқы көшеттер қараша айының соңында егіледі. Өнім ішкі нарыққа бағытталады.