Ақтөбеде Қазақстандағы ең үлкен жылыжай салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Қазақстандағы ең үлкен жылыжай салынбақ

24.05.2016
Ақтөбеде Қазақстандағы ең үлкен жылыжай салынбақ

Биыл  Ақтөбеде Қазақстандағы ең үлкен жылыжайды іске қосу жоспарланған. «ҚазАгроФинанс» АҚ филиалының басшысы Қорған Нұртазиннің сөзіне қарағанда, алып жылыжай аумағы 9,5 гектарды құрайды. Мұнда голландиялық технология бойынша жылдың әр мезгілінде қияр мен қызанақ өсіріледі.

«Қияр мен қызанақ өндірісі нарық сұранысының  20 пайызын да қамтымайды. Негізінен «Грин Хаус Қазақстан» ЖШС Ресей  Федерациясына экспорттау үшін  қияр мен қызанақ өсіруді жоспарлап отыр», - деді Қ.Нұртазин.

Бұған дейін Ақтөбеде  «Ізет Грин Хаус» ЖШС және «Ақтөбе Жылыжай» ЖШС жылыжайлары салынған.  

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу