Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, жел күшейеді, тұман түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, жел күшейеді, тұман түседі

14.10.2015
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, жел күшейеді, тұман түседі

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық ағындардың өтуімен бұрынғыша жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауып, жел күшейеді, тұман түседі, республиканың солтүстік-батысында көктайғақ болады, елдің батысы мен оңтүстігінде ғана күн райының ашық болуы күтіледі, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, шамалы көктайғақ болады.

Жамбыл, түнде және таңертең Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу