Ғалымдар адамзатқа төнуі ықтимал тағы бір қауіп туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар адамзатқа төнуі ықтимал тағы бір қауіп туралы айтты

11.10.2015
Ғалымдар адамзатқа төнуі ықтимал тағы бір  қауіп туралы айтты

Олар 73 жыл бұрын планета арқылы биіктігі 304 метр болатын алып толқынның жүріп өткендігін анықтаған. Ғалымдар мұндай толқынды Жасыл мыс аралдарынан Африканың шығысына қарай ағылған вулкан туғызған деген байлам жасап отыр.

 
Кейбір ғалымдар мұндай толқының вулкан атқылауы ықтимал аймақтарды тұратын елдерге қауіп тудыруы мүмкін деген ойда. Ғалымдар алып толқынды әлемдегі ең үлкен вулкан аралы Фого туғызуы мүмкін деп отыр. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 4,743 метр биіктікте.    

Ғалымдардың пайымдауларынша, үлкендігі 167 текше метр болатын тау жынысы мұхитқа құлап, соның салдарынан  244 метр биіктікке көтерілген толқын 48 километр арал аймағын басып кетеді. Ғалымдар толқынның көлемін мұхитта табылған жыныстар арқылы анықтаған.  

Салыстырмалы алатын болсақ, ең үлкен цунами 2004 және 2011 жылдар Жапонияда болып, толқындардың биіктігі 30 метрге жетті.

«Бұл цунами жер асты дүмпулерінің салдарынан пайда болған. Ал, вулкан аралдарының құлауы өте қуатты апат тудыруы мүмкін және олардың өте үлкен цунамилердің тууына ықпал етуі ықтимал. Бұл әрине жиі қайталанатын жағдай емес»,- дейді Нью Йорктегі Колумбия университетінің жетекші ғалымы, докторы Рикардо Рамалхо.     

Сондай-ақ, ғалымдар мұндай мегацунамилер 10 мың жылда бір рет болады дегенмен, осындай қауіптің бар екендігін жоққы шығаруға болмайды деген пікірлерімен бөліседі.   

Хабарламаларға жазылу