Гаджеттерді көп пайдаланатындардың есте сақтау қабілеті әлсірейді - ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаджеттерді көп пайдаланатындардың есте сақтау қабілеті әлсірейді - ғалымдар

11.10.2015
 Гаджеттерді көп пайдаланатындардың есте сақтау қабілеті әлсірейді - ғалымдар

Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Бельгия және Нидерланды мемлекеттерінде жүргізілген зерттеулерге 6 мың адам қатысты.

Олардың басым бөлігі қажетті ақпаратты іздеген кезде оны есіне түсіруден көрі, гаджеттердің көмегіне жүгінгенді дұрыс көреді.  

Бұрынғы үй телефонының нөмірін зерттеуге қатысушылардың тек 45 пайызы ғана есіне түсіре алды ал,  балаларының немесе әріптестерінің телефон нөмірлерін азаматтардың тек 29 пайызы ғана жатқа айта алатын болып шықты.

Түрлі ақпараттарды есте сақтауға Ресей тұрғындары да құлықсыз. «Касперский зертханасының» зерттеулері осындай байлам жасаған.

Зертеуге қатысқан 10 адамның тек 4-уі ғана өз еркімен тиісті жауаптың шешімін табуға ұмтылған. Алайда, Ресей тұрғындары өздерінің туыстары туралы ақпараттарды өзгелерге қарағанда жақсы білетін болып шықты. 

Психологтар қажетті ақпараттарды еске түсіруден көрі іздеуге деген ұмтылыс, адам жадысының мәліметтерді ұзақ сақтау қабілетін бұзып, ұмытшақтыққа алып келетіндігін айтып отыр.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу