Конгресс Байденге импичмент жариялау бойынша қарарды талқылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конгресс Байденге импичмент жариялау бойынша қарарды талқылайды

28.02.2024

АҚШ Конгресі көп ұзамай Байденге импичмент жараялау бойынша қарарды қарауына алады. Республикалық партия депутаттары АҚШ президентін биліктен шеттету үшін Конституцияның 25-ші түзетуіне сүйенбек. Яғни, палата өкілдері Байденді ел басқаруға психикалық жарамдылығы күмән тудырады деп айыптап отыр. Сондықтан оны қызметінен босатуға шақырды. Бұған Байденнің құпия құжаттарды үйінде сақтауына байланысты тергеу жүргізген Роберт Хоердің баяндамасы негіз болып отыр. Прокурор ел президентін «есте сақтау қабілеті нашарлаған қарт адам» деп атап, іс қозғаудан бас тартқан еді. «Ал қазір АҚШ-тың алдында тұрған сын-тегеуріндер «президентен күшті танымдық және физикалық мүмкіндіктерді талап етеді», - дейді депутаттар.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу