Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ІІІ «Еуразия Барысы» турнирін тікелей эфирден көрсетеді
Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.
Додада Грузия, Қырғыз Республикасы, Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және Қазақстан құрамаларының палуандары командалық құрамда белдеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды.
Биылғы қазақ күресінің бәсекесі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Еске сала кетейік, үшінші рет өткелі отырған «Еуразия Барысы» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін тікелей эфирден көрсетеді. Жарыс сағат 11-50-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12