2015 жылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын беларус жазушысы Светлана Алексиевич алды, - деп хабарлайды РИА Новости Швед академиясының тұрақты хатшысы Сара Даниусқа сілтеме жасап.
«Оның көпдауысты шығармашылығына - заманымыздың бейнетіне ескерткіші мен ерлігі үшін», - деп мәлімдеді Даниус.
Светлана Алексиевич ІІ Дүниежүзілік соғыс жайлы және Чернобыль катастрофасы турасындағы бірнеше кітаптың авторы («У войны не женское лицо» (1985), «Последние свидетели» (1985), «Цинковые мальчики» (1989), «Чернобыльская молитва» (1997).
Еске сала кетейік, әдебиет саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Патрик Модианоға берілген.