Ауа райы: Елдің батысында күн суытып, қар жаууы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Елдің батысында күн суытып, қар жаууы мүмкін

08.10.2015
Ауа райы: Елдің батысында күн суытып, қар жаууы  мүмкін

Суық ауа ағымдары алдымен еліміздің батыс өңірлеріне, одан соң солтүстік және орталықтағы облыстарға тарайды. Осының салдарынан ауа ағымдары тараған аймақтарда суық болып, жауын-шашын түседі, батыс өңірлерде тіпті ылғалды қар түсуі де мүмкін.

Тағы бір циклон Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінде қалыптасып, еліміздің оңтүстік өңірлері арқылы шығысқа бет алады. Циклонның алдыңға жағынан  осы аймаққа Иран жақтан жылы ауа келеді. Соның салдарынан елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 25-33 градусқа дейін жылынады.

Жұма мен сенбі күндері күні  елдің оңтүстігінде және сенбі күні шығысында өткінші жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

 

Хабарламаларға жазылу