Құтқарушылар Гватемаланың Санта-Катарина-Пинула елді мекені аймағында мерт болған 144 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Риа Новости.
Осыған дейін 131 адамның көз жұмғандығы айтылған.
Қайғылы жағдай 1-қазан күні болды және оқиға болған маңда орналасқан төбенің жартысы құлап, 125 үйде топырақ басып қалған.
Қазанның 5-і күні, яғни дүйсенбінің кешінде мерт болған адамдардың тағы біразының денелері табылды. Әзірге тірі адамдарды топырақтан алып шығу мүмкін болмай отыр. Ал, осы оқиғаның салдарынан із-түссіз жоғалып кеткендердің саны 300 адамды құрап отыр.