Қытайда көшкіннің жүруіне заңсыз істеп келген қалдық сақтайтын орының қызметі себеп болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда көшкіннің жүруіне заңсыз істеп келген қалдық сақтайтын орының қызметі себеп болуы мүмкін

23.12.2015
Қытайда көшкіннің жүруіне заңсыз істеп келген  қалдық сақтайтын орының қызметі себеп болуы мүмкін

Оңтүстік Қытайдың Шэньчжень қаласында болған және соңы үлкен апатқа алып келген көшкіннің жүруіне заңсыз қалдық тастау орнының қызметі себеп болуы мүмкін.

Global Times басылымының жазуынша, полиция өкілдері осы нысанды басқаратын Shenzhen Yixianglong компаниясының кеңсесінің қызметін тоқтатты. 

«Апат көшкіннің жүруінен емес, қалдықтарды тастайтын орынның заңсыз ұйымдастырылуынан болған»,  - дегін пікірде Қытайдың Жер және табиғат ресурстары министрлігінің сарапшылары.

Басылымның жазуынша,  жергілікті билік өкілдері осыған дейін Shenzhen Yixianglong компаниясына қалдықтар сақтайтын орынды уақытша ұйымдастыруға рұқсат берген. Алайда, бұл рұқсаттың мерзімі 2015 жылдың ақпан айында өтіп кеткен. «Одан кейінгі уақытта бұл жерге қалдықтар үздіксіз жинала берген және одан кішігірім төбе пайда болған»,-деп келтіреді сарапшылардың сөздерін басылым.

Басылымның хабарлауынша, қалдық тастайтын орынды заңсыз пайдалану компанияға 7,5 млн юань көлемінде пайда алып келуі мүмкін еді. 

Шеньчжень қаласының вице-мэрі Лю Циншэннің мәліметтерінше, 20-желтоқсан күні болған көшкіннің салдарынан топырақ 380 шаршы метр аймақты басып қалған. Лайдың қалыңдығы кейбір аймақтарда 10 метрге жеткен. Апаттың салдарынан 33 ғимаратқа үлкен зақым келді.

Осы кезде көшкін жүрген аймақта із-түссіз жоғалып кеткен 70 адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу