Алматыда «Ғасырлар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің ұлттық музыкасының ІІ халықаралық фестивалі аяқталды.
Бұл байқау Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында өтті.
Әскери музыканттардың айтуынша, мұндай іс-шаралар идея және ән репертуарымен алмасуда шығармашылық ұжымдар үшін пайдалы. Фестиваль-байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан және өзге де бірқатар мемлекеттерден жиналған 40-тан аса фольклорлық-этнографиялық ансамбль қатысты.
Қазақстанның атынан аталмыш шараға Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі қатысты.
ҚР ҚМ Орталық ансамблінің музыканттары «Жауынгер келіншек» композициясын, «Ұлы дала» күйін, «Кубэлэк» татар әнін, Брусиловскийдің сюитасы «Бозайғырды» орындап, жұртты таң қалдырды.
«Біз өнер көрсеткенде барлығы бізді мұқият тыңдап отырды, кәсіби мамандарғы қазақстандық өнерпаздардың өнерлерін жоғары бағалады. Бізден, яғни әскери оркестрден, әдеттегідей, марштардың, әскери шығармалардың орындалуын күтті, ал біз репертуарға тың дүние енгіздік», - дейді ҚР ҚМ Орталық оркестрінің бастығы капитан Еркебұлан Жұмакенов.
Ансамбльдің құрылғанына 20 жыл болғанын айта кеткен жөн. Оның негізгі бағыты ҚР ҚМ жеке құрамына әскери-патриоттық тәрбие беру. Ұжым өкілдері фольклорлық-этнографиялық топтың көркемдік жетекшісі капитан Равиль Отарбаев.
Бүгінде ұжым көне қазақ халық әндері мен күйлері меңгеріп, өңдеп, сондай-ақ қазіргі заманғы қазақстандық және шетел сазгерлерінің авторлық туындыларын орындап жүр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.