«Алау» мұз айдыны сарайындағы бұқаралық сырғанаудың жаңа маусымы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алау» мұз айдыны сарайындағы бұқаралық сырғанаудың жаңа маусымы ашылды

03.10.2015
«Алау» мұз айдыны сарайындағы бұқаралық сырғанаудың жаңа маусымы ашылды

«Алау» мұз айдынындағы бұқаралық сырғанаулар дүйсенбіден басқа күндердің барлығында жүргізіледі. Қала тұрғындарының сұрауы бойынша кешкі сағат 19:00-ден басталатын бір сеанс қосымша енгізілді. Сырғанаудың ең төменгі бағасы 250 теңге. Кешкі сеанстың құны 1500 теңгеден жоғары болмайды.

Сонымен қатар, студенттерге арналған жеңілдіктер қарастырылған. «Алау» мұз айдыны сарайының басты мақсаты – коньки спорты түрлерімен айналысатын спортшыларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, шорт-трек пен коньки спорты секциясына балаларды қабылдау жұмыстары  жалғасуда.

Хабарламаларға жазылу