АҚШ, Ресей, Қытай елдері әлемдік державалардың әскери қарым-қатынасы жағынан үздік үштікке енді.
Global Firepower порталы мамандарының зерттеуі бойынша жасалған Әскери күштердің ғаламдық көрсеткішінде АҚШ бірінші орында тұр. Бұл елдің көш бастауының негізгі факторы – әскери шығын көлемінің көп болуында.
Қытай қорғаныс саласына көп ақша бөлгенімен, әскери техника бірліктерінің жағынан Ресейдің әлеуеті жоғары.
Төртінші орында – Үндістан. Ал, Еуропа елдерінен Ұлыбритания 5-ші орынды иеленді. Үздік ондықтың қатарында, сондай-ақ, Франция, Германия, Түркия елдері де бар.
Айта кетейік, Әскери күштердің ғаламдық көрсеткішінде қорғаныс саласына кеткен шығын көлемі, әскери әуе және теңіз күші, әскери порттар мен әуежайлардың саны сынды 50 фактор ескерілген.
Рейтингте тек мемлекеттердің ядролық әлеуеті қарастырылмаған.