Геннадий Головкин SecondsOut.com порталының нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин SecondsOut.com порталының нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастап тұр

07.12.2016
Геннадий Головкин SecondsOut.com порталының нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастап тұр

Бокс әлемі туралы SecondsOut.com порталы pound-for-pound (салмақ дәрежесіне тәуелсіз) рейтінгін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші орында отандасымыз Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) тұр. GGG келесі жекпе жегін 18 наурызда өткізеді деп күтілуде, оның қарсыласы америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) болмақ.

SecondsOut.com порталы нұсқасы бойынша алғашқы ондық төмендегідей:

1. Геннадий Головкин (36-0, 33 КО)
2. Роман Гонсалес (46-0, 38 КО)
3. Андре Уорд (31-0, 15 КО)
4. Сергей Ковалёв (30-1-1, 26 КО)
5. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО)
6. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО)
7. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО)
8. Синсукэ Яманака (26-0-2, 18 КО)
9. Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО)
10. Хуан Франсиско Эстрада (34-2, 24 КО).  

Хабарламаларға жазылу