Абай Бегей: Жуырда Кубада өтетін концертке қатысамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Бегей: Жуырда Кубада өтетін концертке қатысамын

02.10.2015
Абай Бегей:  Жуырда Кубада өтетін концертке қатысамын

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Абай Бегей қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Қазір жаңа әндер жазудамын. Жуырда Кубаға барып,  концертке қатысамын. Сонымен қатар, ол жақта жаңа әнге бейнебаян түсіру жоспарда бар. Ал, елге келген соң, тағы екі бейнебаян түсіремін», - дейді ол.

Әнші Кубада жазылатын ән екі тілде болатынын айтады.

«Ән қазақ және испан тілдерінде орындалады. Қайырмасы қазақ тілінде, ал шумағы испан тілінде болады», - дейді Абай Бегей.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу