Жамбыл облысында тарихи жәдігерлерді шекара асырмақ болған Қырғыз азаматы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында тарихи жәдігерлерді шекара асырмақ болған Қырғыз азаматы ұсталды

18.11.2014
Жамбыл облысында тарихи жәдігерлерді шекара асырмақ болған Қырғыз азаматы ұсталды

Жамбыл облысында тарихи құндылыққа ие ескі темір ақшалар мен орден-медальдарды  шекара асырмақ болған Қырғыз елінің азаматы ұсталды.

Контрабандалық қылмыс Бішкектен Мәскеуге  бағыт алған жолаушылар пойызын кедендік тексеруден өткізу кезінде   анықталып отыр.

Тарихи жәдігер пойыздың электр механигі жанынан табылған.

Оның айтуынша, электр жабдықтары салынған қолсөмкені  әлдекімдер Мәскеуге дейін ала кетуін өтінген.

Иісшіл иттің көмегімен табылған құнды заттардың жалпы салмағы 6 келіден асады.

 

 Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу