Еліміздегі «Дара» қоры 15 жыл ішінде 30 мың балаға көмек көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі «Дара» қоры 15 жыл ішінде 30 мың балаға көмек көрсеткен

14.10.2022

Қайырымдылық - қадірлі іс. Еліміздегі «Дара» қоры 15 жыл ішінде 30 мың балаға көмек көрсеткен. Ұйымның басты мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін және ата-анасыз қалған балаларға жәрдемдесу. Оның ішінде инклюзивтік білім беруді қолға алып, жасөспірімдерді қоғамға бейімдеу. Осыған орай, Әбілхан Қастеев атындағы өнер орталығында «Бірге өскенде» деп аталатын көрме ұйымдастырылды. Инсталляциялық жұмыстар арқылы қордың осы уақытқа дейін атқарылған жобалары көрсетілді. Осы көрме арқылы қоғамдық қор азаматтарды игі істерге үндейді. Жақсылық жасауды өміріміздің бір бөлшегіне айналдыру қажеттігін еске салады.

Гүлжадыра Бекенова, «Дара» қайырымдылық қорының өкілі:

Бізде 200 мыңнан астам баланың жеке тәлімгері бар. Балалар балалар үйінен түлеп ұшқаннан кейін де әрі қарай өзінің тәлімгерлерімен байланыстарын үзбей жалғастырып, жетістіктерге жетіп жатыр. Олардың арасындағы байланыс біз үшін үлкен жетістік болып табылады.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу