Кәсіпкерлерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыскер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыскер

29.09.2015
Кәсіпкерлерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыскер

Жамбыл облысының тұрғыны Мұрат Тоқмолдаев 2004 жылы Жамбыл облыстық сотының үкімімен төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Алайда, сотталушының басқа да қылмыстарға барын анықтаған Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы аталған азаматқа бұзақылық жасаған, адам денсаулығына  қасақана қауіп төндірген және заңмен тыйым салынған қару-жарақты пайдаланған, сонымен қатар, контрабандалық тауар сатумен айналысқан деп тауып, оны 30 жылға бас бостандығынан айыру туралы қаулы қабылдады.

Бірақ, Тоқмолдаев бұл жазаның жартысын өтеген соң түзеу коллониясынан қашып шығып, жасырынып жүрген. Ол онысымен қоймай, бірнеше азаматқа қоқан-лоққы көрсетіп, ақша беруін талап еткен.

Қылмыскер мұндай әрекетке не үшін барған? Сот оған қандай жаза қолданды? Бүгін 19:05-те «Қылмыс пен жаза» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу