Алматыда қарттар күніне орай зейнеткерлер метрода 1 күн бойы тегін жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қарттар күніне орай зейнеткерлер метрода 1 күн бойы тегін жүреді

29.09.2015
Алматыда қарттар күніне орай зейнеткерлер метрода 1 күн бойы тегін жүреді

Алматыда қарттар күніне орай зейнеткерлер метрода 1 күн бойы тегін жүреді. Бұл туралы «Метрополитен» КМК баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова хабарлады.

«Бұл күні зейнет жасындағы азаматтар таңертеңгі 6:00-ден 23:00-ге дейін тегін қатынай алады. Оларға тек қана зейнеткер екендігін және жеке басын куәландыратын құжат алып жүру керек»,- деді ол.

Айта кету керек, Халқаралық қарттар күні БҰҰ Бас ассамблеясының бастамасымен 1990 жылдың 14 қарашасында бекітілді. Қазақстанда бұл мейрам 1 қазанда аталып өтіледі.

Хабарламаларға жазылу