Қарттар күніне орай 60 мыңға жуық зейнеткерге материалдық көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар күніне орай 60 мыңға жуық зейнеткерге материалдық көмек көрсетіледі

29.09.2015
Қарттар күніне орай 60 мыңға жуық зейнеткерге материалдық көмек көрсетіледі

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, елорданың 58 мың зейнеткеріне (ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылардан басқа) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. 

Сондай-ақ, 1 қазанда Ардагерлер ұйымының белсенділері ҰОС ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйлерін аралайды.

Қарттар күніне орай «Алматы» ауданының әкімдігі ауданға қарасты Ардагерлер ұйымы және кәсіпкерлермен бірлесіп, 150 зейнеткерге, соның ішінде ҰОС және тыл еңбеккерлеріне арнап қайырымдылық ас береді.

Бұдан бөлек, 1 қазанда Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде 270 зейнеткерге шипажайлық-курорттық емделу қызметі көрсетіледі. 

Сондай-ақ, Қарттар күніне орайластырған бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да халық ойындарынан шағын орталықтарда жарыстар өткізіледі.

Қазанның 1 күні «Жастар» сарайының киноконцерттік залында, сағат 19.00-де елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өтеді.

Хабарламаларға жазылу