Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен кездесті. Кездесу барысында олар көлік және логистика, цифрландыру, «жасыл» энергетика салаларындағы, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды. Жан Ассельборн екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жан Ассельборн халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл сапарыңыз көптеген саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұған дейін Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы алаңында келіссөз жүргіздік. Сол кезде Қазақстан мен Люксембург арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамытудың ұзақмерзімді перспективалары туралы өте табысты әрі мазмұнды әңгіме болды. Біз өзара ынтымақтастығымыздың болашағына сенеміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/178283/)