Маңғыстау облысында жыл басынан бері жұмыс берушілердің қызметінен 847 заң бұзу әрекеттері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жыл басынан бері жұмыс берушілердің қызметінен 847 заң бұзу әрекеттері анықталды

29.09.2015
Маңғыстау облысында жыл басынан бері жұмыс берушілердің қызметінен 847 заң бұзу әрекеттері анықталды

«Жалпы алғанда басқарманың айналысатын істері еңбек шиеленістерін болдырмау, оның алдын алу мақсатында мониторинг жүргізіп отыру, еңбеккерлердің жалақыларының толық әрі мерзімінде төленуін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттардың алдын алу болып табылады. Биылғы жылдың 8 айында еңбек инспекторлары 294 тексеру жүргізіп, оның барысында 847 заң бұзу әрекеттерін анықтады. Аталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында жұмыс берушілерге 263 хат жолданып, кінәлі азаматтарға 14 993 мың 830 теңгеге 169 айыппұл салынды», -деді Әлігер Іңкәров.

Қалың көпшілік тарапынан түсіп жатқан шағымдарды талдағанда, бірінші кезектегі заң бұзу әрекеттері жалақы қарыздарымен байланысты болып отырғандығын көрсеткен. Мемлекеттік инспекторлардың ескертулері назарға алынбайтын болса, мәселе сот арқылы шешілмек.  

 

Хабарламаларға жазылу