Атырау облысында жыл басынан бері 66 жасөспірімнің заңсыз жұмыс істегені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жыл басынан бері 66 жасөспірімнің заңсыз жұмыс істегені анықталды

14.07.2015
Атырау облысында жыл басынан бері 66 жасөспірімнің заңсыз жұмыс істегені анықталды

Балалардың құқығын бұзушылар азаймай отыр. Әсіресе, бұл мәселе кәмелетке толмағандардың заңсыз жұмысқа тартылуымен байланысты.

Көбінесе кәсіпкерлер арзан жұмыс күші керек болғандықтан, заңбұзушылыққа барады. Екіншіден, бұл - ата-ананың бала тәрбиесіне салғырт қарауы.

Мәселен, бір ғана Атырау облысында жыл басынан бері 66 жасөспірімнің заңсыз жұмыс істегені анықталды. 

Кәмелетке толмағандарды еңбекке тарту заңсыз екенін біле тұра, оларды жұмысқа қабылдаған 58 жеке кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынған.

Алайда, түнде жұмыс істейтін жасөспірімдердің қатары азаймай отыр. Ал, оларға байланысты әкімшілік қылмыстың басым бөлігі -  түнгі уақытта үлкендердің бақылауынсыз жүруі.  

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу