Кофенің жүрек ауруларына еш зияны жоқ - ғалымдар

27.09.2015
Кофенің жүрек ауруларына еш зияны жоқ - ғалымдар

Швециялық мамандар кофенің және кофеинді сусындардың  жүрек ауруына шалдыққан науқастардың денсаулығына әсерін зерттеді. АҚШ және скандинавиялық мемлекеттер арасында жүргізілген зерттеу 12 жылға созылған.

Зерттеу нәтижесі «BMC Medicine»-та жарияланды. Мамандар зерттеуге қатысушылардан кофені тұтыну жиілігі туралы сауалнама жүргізіп, жүрек және қан тамырларының жұмысын бақылаған.

Зерттеу барысында жүрек ауру болуы ықтимал адамдар арасында кофенің денсаулыққа кері әсері мен қан тамыры жұмысының нашарлауы болмайтындығы анықталды.

1 немесе 3 шыны кофе ішіп барып, оның пайдалылығын  байқауға болады. Жапондық дәрігерлер бұрындары кофені мезгілсіз қайтыс болу қаупінің  алдын алатын өнімдер қатарына қосқан.

Хабарламаларға жазылу