Венгрия Словениямен шектесетін шекараға қоршау қоя бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венгрия Словениямен шектесетін шекараға қоршау қоя бастады

25.09.2015
Венгрия Словениямен шектесетін шекараға қоршау қоя бастады

Оның себебі елдің аймағына заңсыз келіп жатқан босқындар легі арта тұсуде.  

Венгрия биілігі Будапешттің Словения мен Хорватияға жақын аймақта осындай шараларды қолданып жатқандығын ресми түрде растады.   

Сонымен қатар, Венгрия Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Янош Лазар Словениямен арадағы шекаралық қоршауды түбінде бәрібір қою қажет болатындығын айтты.   

Корреспондент.net-тің хабарлауынша, қыркүйектің 19-на қараған түні Венгрия Хорватиямен шекараны сым қоршаулармен бөлу жұмыстарын аяқтады.

Шекарадан заңсыз өту әрекеттеріне қарсы бағытталған темір сымдардан жасалған қоршау 41 км аймақты алып жатыр.  

Хабарламаларға жазылу