«Абайда «жантану», «толық адам» ілімі бар. Таным жағынан қазір өте биік деңгейде тұр. Сондықтан, Абайды дүниежүзілік ұлы ойшылдардың қатарына қоя аламыз.
Оның хакім деп аталуы да тегін емес. Абай мұрасына жаңаша көзқараспен қарап-тану арқылы халықты руһани тұрғыдан тазартып алуымызға болады», дейді зерттеуші.
Мекемтас Мырзахметовтың Абайдың кейіннен ашылған осы «толық адам» іліміне жазған оқулықтары қазіргі уақытта еліміздің 6 жоғары оқу орнында оқытылуда.
Сондай-ақ, зерттеуші елордада дүниежүзілік деңгейдегі Абайтану ғылыми-зерттеу институтын ашу жағы қарастырылып жатқанын жеткізді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.