Мәдениет саласындағы басты жоспарлар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет саласындағы басты жоспарлар

30.01.2020

Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институтын құрып, ғимарат жанынан Материалдық емес мәдени мұра орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы сала министрі Ақтоты Райымқұлова алқа отырысында мәлімдеді. Сондай-ақ министр спорт саласындағы жоспарларды да атады. Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданады. Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін бұзудың алдын алу жөніндегі жұмыс жалғасып, Токиодағы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалардың табысты өнер көрсетуі бағытында жұмыстар күшейтілмек. Ал биылғы қос алып Абай мен Әл Фарабидің мерейтойы аясында фильмдер түсіріліп, экспедициялар ұйымдастырылады. Бірақ ол той тойлау үшін емес, ой толғау мақсатында болатындығын ведомства басшысы айтты.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу