Volkswagen басшысы отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Volkswagen басшысы отставкаға кетті

24.09.2015
Volkswagen басшысы отставкаға кетті

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

«Volkswagen компаниясы жаңғыртуды қажет етіп отыр және оның жаңғыруы менің отставкамнан басталсын», — дейді Винтеркорн.

Ол өзінің бұл қадамын компанияның мүддесі үшін жасалып отыр деп түсіндірді. Дегенмен, ол өзінің тарапынан ешқандай да құқықбұзушылық болмағандығын айтады.

Қыркүйектің басында президиум өкілдері Винтеркорнмен келісімді 2018 жылға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдаған болатын.  

68 жасар топ-менеджер концерн басшысы қызметіне 2007 жылы отырған болатын және содан бері кәсіпорын айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.    

Volkswagen Винтеркорнның кезінде Porsche, MAN, Scania, Ducati сияқты маркаларды шығара бастады. Концерннің автомобиль сату көлемі 65 пайызға дейін арты. Осы жылдар ішінде кәсіпорынның қызметкерлерінің саны 330 мыңнан 600 мың адамға дейін жетті.

Сәрсенбі күні АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің өкілдері Volkswagen-нің    3-литрлі жағармаймен жүретін турбоқозғалтқыштарына қатысты жаңа тексерулерді қолға алды.

Хабарламаларға жазылу