Базыл Жақыпов Қостанай қаласының әкімі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Базыл Жақыпов Қостанай қаласының әкімі болды

23.09.2015
 Базыл Жақыпов Қостанай қаласының әкімі болды

Жақыпов Базыл Жамуханұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал, 2006 жылы Алматы қаласының Экономика және статистика академиясын қаржы бакалавры біліктілігі бойынша бітірген.   

2004 жылы мемлекеттік қызметке келіп, Қарабалық аудандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасының бастығы болып қызмет еткен.   

2004 жылдан бастап, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2008 жылдан бастап, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.   

2009 және 2012 жылдар аралығында Меңдіқара ауданының әкімі қызметін атқарған.  

2012 жылдың ақпан айынан бастап, бүгінге дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген, деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.

 

Хабарламаларға жазылу