Қостанай қаласының әкімі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай қаласының әкімі есеп берді

31.01.2015
Қостанай қаласының әкімі есеп берді

Қостанай қаласында былтыр құны 5 жарым миллиард теңге тұратын 2 инвестициялық жоба жүзеге асты. Соның арқасында 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бұлар -  жапон автокөліктерін шығаратын зауыт пен тұрғын үй құрылыс комбинаты. Халық алдында есеп берген қала әкімі бүгін өткен жылғы осындай жетістіктерді тізбелеп шықты. Жалпы облыс орталығында 2014 жылы 165 миллиард теңгенің өндірістік өнімдері өндірілген. Мұның сыртында 400 мың тоннадан астам ауылшарушылық тауарлары дайындалыпты.  Сонымен қатар 156 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, мемлекеттік бағдарлама аясында 11 көпқабатты үй қайта жаңартылған. 1 жарым миллиард теңгеге үш көшенің жолы толық жөндеуден өтті. Мұндай ауқымды істер биыл да жалғасын табады.  

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу