Бақытжан Сағынтаев: ҚР Үкіметі жекешелендіруге жататын нысандарың жаңа тізбесін әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев: ҚР Үкіметі жекешелендіруге жататын нысандарың жаңа тізбесін әзірледі

22.09.2015
Бақытжан Сағынтаев: ҚР Үкіметі жекешелендіруге жататын нысандарың жаңа тізбесін әзірледі

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Үкімет жекешелендіруге жататын нысандарың жаңа тізбесін әзірлеген. Оның құрамына негізінен «Самұрық-Қазына» қорының, «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтерінің меншікті нысандары кіріп отыр.

«Басымдықты тізбе 60 ірі компаниядан тұрады. Оның ішінде «Самұрық-Қазынаның» 38, «Бәйтеректің» 4, «ҚазАгроның» 4 және республика меншігіндегі 14 нысан бар. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының меншігіндегі басқа да компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылуда», - деді ол.

Б.Сағынтаев сөзінде барынша ірі активтерді стратегиялық серіктестердің қатысуымен IPO және  SPIO механизмдері арқылы қор нарығына, оның ішінде 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін елордада құрылатын Халықаралық қаржы орталығы алаңына шығару арқылы сату болжанып отырғанын баса айтты.

«Басқа компанияларды егер жеке инвестор қатысушы болса, онда тікелей саудалау әдісін пайдалану арқылы аукционда сату ұсынылады. Бүгінгі күні компаниялардағы мемлекеттің қатысу үлесі 100 пайызды құрайды. Сатылымға бақылаушы және тосқауылдаушы акциялар топтамасы, яғни 25-тен 50-пайызына қосымша 1 және одан көп акция шығарылады», - деген Б.Сағынтаев жекешелендіру процессі барынша ашық болатындығын баса атап өтті.

Хабарламаларға жазылу