Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторийді қамтыған заң жобасы жақында Парламентке түседі - Б. Сағынтаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторийді қамтыған заң жобасы жақында Парламентке түседі - Б. Сағынтаев

21.05.2016
Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторийді қамтыған заң жобасы жақында Парламентке түседі - Б. Сағынтаев

Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторийді қамтыған заң жобасы жақында Парламентке түседі. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысындакомиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

«6 мамырдағы Елбасының Жарлығында Қазақстан Үкіметі заңнамалық түзетулерді іске асыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруы керек деп белгіленген болатын.  Осыған байланысты айта кететін мәселе, жердің бірқатар нормаларына мораторий жарияланды. Енді Үкімет осыны реттеу үшін заңға өзгерістер енгізуі керек. Осыған байланысты, Үкімет Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Елбасының тапсырмасын іске асыру үшін тиісті заң жобасын әзірледі. Бұл құжат Парламентке жолданады», - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, Парламентке заң жобасы түсіп, оны депутаттар қабылдағаннан соң Елбасының 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін Жер кодексінің резонанс тудырған нормаларына мораторий қамтамасыз етіледі.

Хабарламаларға жазылу