Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, көрме ашылды

21.09.2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, көрме ашылды

Көрмеге Қазақ хандығы тақырыбына негізделген 70 жуық туынды ұсынылды.

Келушілер Қазақстанда орын алған нақты тарихи оқиғалармен байланысты күрделі композицияларды, сюжеттерді, халық жадында сақталған бейнелермен сомдалған тарихи тұлғалардың портреттерін, белгілі деректер мен тақырыптарды көркем суреттей отырып, қазақ тарихының жиынтық картинасын тамашалай алады.

Көрмеге қазіргі заманғы суретші-графиктердің жұмыстарынан бөлек, Қазақстандағы графика бағытының негізін салушы Құлахмет Қожықовтың да туындылары қойылған.

Көрменің негізгі құрамы пастель техникасындағы танымал суретші С. Әлжановтың, құрғақ қылқалам техникасындағы С. Таиновтың туындылары, тушь және акрилмен салынған А. Уткиннің композициялары, Ж. Сағымбаевтың граттографиясы, жібек матаға қаламсаппен сурет салу - ерекше авторлық техникасымен берілген О. Есенбаевтың шығармаларынан тұрады.

Мұнымен қоса, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және басқа да қалалардың суретшілерінің еңбектері көпшілік назарына ұсынылған. 

ҚР Суретшілер одағының төрағасы  Б. Омарбеков шараның ашылу салтанатында Қазақстан суретшілері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тақырыпты асқан қызығушылықпен жеткізгенін атап өтті.

Еске салайық, көрме қазан айының соңына дейін жалғасады. Мекенжайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы 8, кіру тегін.

 

 

 

  

 

 

Хабарламаларға жазылу